Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағандыда жаңа зауыт салынады

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында ет консервілерін өндіретін зауыт салынбақ.

Қарағандыда жаңа зауыт салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданында ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беретін бірқатар жоба жүзеге асырылуда.

Айыртау ауылдық округіндегі «Режебалиев» шаруа қожалығындағы сүт-тауар фермасында сауын табынын ұлғайту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Шаруашылық өнімділігі жоғары, асыл тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отыр.

«Ауданда қазірдің өзінде Өскемен құс фабрикасының үш объектісі салынуда. Ет және ет өнімдерін өндіру бойынша үлкен кластер құру жоспарланған. Герасимовка ауыл шаруашылығы базасында 5 мың басқа арналған бордақылау алаңының, сондай-ақ ет консервілерін өндіру зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 700 млн теңгені құрайды. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, Ресей Федерациясынан жабдықтарды жеткізушілермен шарт жасалды» делінген хабарламада.

Осы жылдың сәуір-мамыр айларында ішкі құрылыс жұмыстары аяқталмақ. Жалпы кәсіпорын күніне 25 тоннаға дейін ет, 8 мың данаға дейін консерві шығаруды жоспарлап отыр. Олар өнімдерді Ресей мен Қытай елдеріне экспорттайды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық