USD
USD
USD

Қарағандыда жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын жасаған сақтандыру компаниясының менеджері ұсталды

ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сақтандыру компанияларының бірінде жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын сататындығы туралы ақпарат түсті.

Қарағандыда жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын жасаған сақтандыру компаниясының менеджері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сақтандыру компанияларының бірінің 35 жастағы менеджері ұсталды. Ұсталған азаматшадан айғақ заттар, соның ішінде автокөліктердің техникалық байқаудан өткендігі туралы жалған 24 мөр басылған бланк тәркіленді.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан РФ сақтандыру компаниясы деген мөр, РФ сақтандыру компаниясының 33 бланкі, әртүрлі көліктерге қатысты 30 дана диагностикалық карта, пневматикалық тапанша және екі пышақ тәркіленді.

ҚР ҚК 385-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры

Польша Ресеймен шекарада диверсия қаупіне байланысты арнайы операция бастады

әскери адам

10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей тараптары келіссөз жүргізеді

тулар