USD
USD
USD

Қарағандыда үйден ер адамның мәйіті табылды

Қарағандылық патрульдік полиция ізін суытпай аса ауыр қылмыс жасағандарды қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда үйден ер адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 маусым күні таңғы 6.17 шамасында Назарбаев даңғылындағы үйлердің бірінен денесінде бірнеше жерден пышақ жарақаттары бар 28 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

– Адам өлімі туралы хабарлама түсісімен ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Қарағанды қ.ПБ патрульдік полиция нараядтарымен оқиға болған жерге жақын барлық аудандарға тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен ізін суытпай 28 және 29 жастағы қала тұрғындары ұсталды. Күдіктілер қылмыс жасағандарын мойындады, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова