USD
USD
USD

Қарағандыда таксист жолаушы келіншекті қала сыртына алып кеткен

Әйел таксиді кешкі сағат он шамасында шақырған. Жүргізуші оны Павлодар тасжолына шығарып, белгісіз бағытта жол тартқан. Күш пайдаланып қорқытып, таксист қаладан алысқа ұзай берген, деп хабарлайды Ekaraganda.kz.

Қарағандыда таксист жолаушы келіншекті қала сыртына алып кеткен
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE.  Қараңғы болған, әйел қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктен секіре алмаған. Бірақ ол телефон арқылы дабыл сигналын жіберіп үлгерді.

Ақпарат патрульдік полиция полкінің инспекторлары Айдар Мұсабеков пен Талғат Қамалбековтың қолына түскен. Полицейлер бірден жолға шыққан.

"Олар әйелдің ұялы телефонына хабарласып, көліктің геолокациясын анықтады. Содан кейін барлық кезекші бекеттерге ақпарат берді", - деді жолаушының күйеуі.

Көлікті тоқтатып, әйелді құтқарған. Ол зардап шеккен жоқ.

Қарағанды облысының полиция департаменті оқиғаны растады. Қазір болған жағдайдың барлық егжей-тегжейі анықталуда.

"Факт полицияда тіркелді, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты