Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағандыда медициналық мекемеден тағылымдамадан өткен адам кассадан ақша ұрлаған

Қарағандыда медициналық мекемеден тағылымдамадан өткен адам кассадан млн теңге ақша жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда медициналық мекемеден тағылымдамадан өткен адам кассадан ақша ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне қаладағы медициналық мекемелердің бірінің басшылығы арызбен шағымданды. Ол арызында белгісіз біреу мекеменің кассасынан 1 миллион теңге ақша ұрлап кеткенін айтты.

Полиция қызметкерлері оқиға орынын қарау барысында ол жерде тек еңбек ететіндердің бірі болуы мүмкін деген болжамға келді. Өйткені ұрлық болған жер үнемі кілтке жабылады және оған бөгде адамдардың кіруі мүмкін болмаған. Кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен сол мекемеден тағылымдамадан өтіп жатқан 30 жастағы азамат ұсталды. Ол кассаға кіру мүмкіндігі болған сәтті ұтымды пайдаланып, ақшаны ұрлап кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример