USD
USD
USD

Қарағандыда күшті жел электр сымдарын үзіп, үйлердің шатырларын ұшырды

Қарағандының коммуналдық қызметтерінің авариялық бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қалада қатты желдің салдарынан шатырлар ұшып, электр сымдары үзілді. Бірнеше аудан электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қарағандыда күшті жел электр сымдарын үзіп, үйлердің шатырларын ұшырды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. «Қарағанды Жарық» ЖШС-ның барлық бригадалары күшейтілген жұмыс режиміне көшті, әр ауданда 4 бригада жұмысқа кірісті. Қалпына келтіру жұмыстарын орындау ауа-райының қолайсыздығына байланысты күрделене түсті. «Қарағанды Жарық» мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асыруда», - деп хабарлады «Қарағанды Жарық» ЖШС баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мейрам Кожухов Instagram парақшасында табиғи ауа райының бұзылғанын хабарлап, тұрғындарды қауіпсіз жерде болуы керектігін ескертті.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлықтарыңыздан мүмкіндігінше үйлеріңізде болуды және аса қажет болмаса далаға шықпауды сұраймын. Қалада ағаштардың құлап, желі шатырларды ұшырып әкетіп жатыр. Бригадалар жұмыс істеуде. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, әкімдік қызметкерлері кезекшілікте. Біз жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды қала басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК