USD
USD
USD

Қарағандыда көшеде нәрестенің мәйіті табылды

Қарағандыда жергілікті тұрғын көшеде нәрестенің мәйітін тапты.

Қарағандыда көшеде нәрестенің мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9 сәуірде Қарағандының Киров полиция бөліміне қаланың 26 жастағы тұрғынынан хабарлама түсті. Ер адам гаражға іргелес аумақты тазартып жатқанда баланың мәйітін тапқанын айтты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, жаңа туған ұл баланың мәйіті пакетте жатқанын көрді. Нәрестенің денесінде жарақаттар болмағаны хабарланды. 

Полицейлер жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен сауалнама жүргізіп, сәбидің анасын табу бойынша жедел-іздестіру шараларын бастады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов