USD
USD
USD

Қарағандыда қаза болған кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифинг барысында Костенко атындағы шахтададағы апаттан қаза тапқан кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілгенін айтты

Қарағандыда қаза болған кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифинг барысында қаза тапқан кеншілердің 46 отбасы БЖЗҚ арқылы жерлеу рәсімі үшін біржолғы төлем құжаттарын рәсімдегенін жеткізді.

"42-сіне төленді, қалғандары бойынша төлем рәсімдері жүргізілуде. Республикалық бюджеттен 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарында оқитын және өзге кәмелетке толмаған балалары бар 20 отбасыға асыраушысынан айрылған жағдайдағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің отбасыларына тағы да өзге қолдау көрсетіледі", - деді ол.

Оның айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы тарапынан 41 отбасыға 10 жылдық көлемінде жалақы төленген. Қаза тапқан кеншілердің жұбайларының, ата-аналарының, балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ, компания әр отбасы мүшесіне кемінде 18 шаршы метр есепті ескере отырып, пәтер сатып алуға міндеттелді. Сақтандыру төлемдері, 23 жасқа дейінгі жоғары оқу орындарындағы балаларға оқу ақысы қараша айынан бастап төлене бастайды.

"Зардап шеккен 10 адам дәрігерлердің бақылауында, олардың жағдайы орташа және жеңіл дәреже делінеді. Олар қажетті медициналық көмек алуда", - деп сөзін түйіндеді өңір басшысы.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар