USD
USD
USD

Қарағандыда қала шетіндегі орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

3 тамыз күні кешкі уақытта облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда қала шетіндегі орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері “Байкал” маркалы тегіс ұңғылы мылтық, “Соваж” маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.