USD
USD
USD

Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды

Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 26 шілде күні түнгі сағат 01:30 шамасында Қарағанды қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан екі адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы жіберіліп, осы іске қатысы болуы мүмкін күдікті анықталды.

– Жедел әрекеттер барысында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 23 жастағы күдіктіні анықталып, ұсталды. Ол жәбірленушілермен сөзге келіспеушілік барысында пышақ жарақатын салғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыс құралы тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушілердің жеке басы анықталды. Олар 18 және 20 жастағы азаматтар. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт