USD
USD
USD

Қарағандыда белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды

Әлеуметтік желілерде Қарағандыда болған атыстың бейнежазбасы тарады. Оқиға 23 қыркүйекте қаланың оңтүстік-шығысында болған, деп жазады inbusiness.kz.

Қарағандыда белгісіз біреулер атыс ұйымдастырды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. "Лада" автокөлігіндегі шабуылдаушылардың “BMW X6” көлігіне оқ жаудырған сәті көшедегі бақылау камераларына түсіп қалған. Атыстан соң 

“BMW X6” жүргізушісі көлік тұрағынан жолға шығады. Осыдан кейін "Лада" автокөлігі ізін суытпақ болып, жолда өтіп бара жатқан “Toyota Avensis” көлігін соғып кетеді.

Полиция мәліметінше, белгісіз біреулер жергілікті тұрғынға шабуыл жасағысы келген. Ресейлік нөмірі бар "Лада" көлігі қала сыртында табылды. Күдіктілердің бірін ұстау кезінде тәртіп сақшысы жарақат алған. 

Сонымен қатар “Toyota Avensis” көлігінің иесі зардап шегіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Жақында ғана оның омыртқасына  ота жасалған. Ол 3 топ мүгедегі. Зардап шеккен әйел адам өзінің денсаулығына алаңдаулы және жол-көлік оқиғасынан кейін келтірілген залалды кім өтейді деп налиды.

“Аталған дерек полицияда тіркелді, мән-жайлар анықталып жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар басқа адамдарды ұстау бойынша шаралар қабылдануда”, - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев