USD
USD
USD

Қарағандыда ауылдасының атына несие рәсімдеген алаяқ қолға түсті

Қарағанды облысында ауылдасының атына несие рәсімдеген алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда ауылдасының атына несие рәсімдеген алаяқ қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19 қаңтар күні Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөліміне 24 пен 26 жастағы тұрғындардан арыз түсті. Полиция қызметкерлерімен жәбірленуші азаматшалардың белгісіз алаяқтардың құрбаны болғаны анықталды. Белгісіз біреулер олардың жеке бас құжаттарын пайдаланып, жәбірленушілердің атына несие рәсімдеген. Бірінші жағдай бойынша 90 мың теңге болса, екінші адамға 345 мың теңге рәсімделген.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушілердің 26 жастағы ауылдасы ұсталды. Күдікті әйел қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен ұсталған күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті