USD
USD
USD

Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Қарағанды облысында пара алды деген күдікпен Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары, сондай-ақ сол әкімдіктің бөлім басшысы ұсталды.

Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев журналистермен брифинг барысында хабарлады. Айтуынша, әкім орынбасарымен қоса, бөлім басшысы да ұсталған. Белгілі болғанындай, шенеуніктер кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілігіп отыр.

"Бөлім басшысы делдал қызметін атқарған. Олар кәсіпкерден атқарған қызметтері үшін 500 мың теңге алған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді Мұрат Төлеубаев.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік