USD
USD
USD

Қарағандыда 200 гектар жер өртенді

Қарағанды іргесіндегі тоғай әлі де жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағандыда 200 гектар жер өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ өрттің таралуы тоқтаған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов мәлімдеді. Жанған ағаштар бықсып, қаланы қою түтін басты. Желдің күштілігінен қалған өртті сөндіру қиынға соғуда. Барлығы 40 техника мен 200-ге жуық адам жұмылдырылған. Қызыл жалын шамамен 200 гектар жерді шарпыған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Сол маңдағы саяжай қожайындары қауіпсіз жерге көшірілді. Жол жабылып, көліктердің өтуіне тиым салынды. Қазір арнайы штаб құрылып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

– Қазіргі кезде осы жалпы бүкіл шаралардың арқасында өрттің әрі қарай таралуына жол берілмеді. Өрт тоқтатылды.1-2 сағат ішінде оқшаулауға тырысамыз. Жалпы жағдай бақылауда. Әр жерде жаңағы үйлер жанды, дачалар жанды деген ақпарат болған. Бірақ оның барлығын аралап өттік, оның барлығы анықталған жоқ, ешқандай үйлер жанып жатқан жоқ, - деді облыстық ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны