USD
USD
USD

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кеткен

Қарағандыда 11 жастағы бала салынып бітпеген құрылыс нысанының лифт шахтасына құлап кеткен. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды “ekaraganda.kz”

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілде күні күндіз болған. 11 жастағы бала қала орталығындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кеткен. Бала аман, алайда ауыр жарақат алған.

"Оқиға 3 шілдеде сағат 15:14-те орын алды. Құлағаннан кейін 11 жастағы бала медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр.

Полиция қазір бұл оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр. Ғимарат толық салынбағаны белгілі. Ол жеке меншік болып табылады және профлистпен қоршалған. Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары байқағандай, балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтын көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге

Маңғыстауда жеке клиникада МӘМС бойынша емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған

МӘМС

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

оқушылар

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова