USD
USD
USD

Қарағандыда 107 млн теңге жымқырған басшы тергеліп жатыр

Қарағанды облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы "DCT Kazakhstan" ЖШС директорына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігіне сәйкес (сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) тергеу бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағандыда 107 млн теңге жымқырған басшы тергеліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қадағалаушы орган кәсіпорын басшысының 2018 жылы "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қарағанды қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражаттарын ұрлауда күдікті екенін атап өтті.

Қылмыстық әрекеттермен мемлекетке 107 млн теңге сомасында зиян келтірілген. Қазіргі уақытта ЖШС-нің директоры сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Тергеу барысы облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясы болып табылады және жариялануға жатпайды.

Қазір оқып жатыр

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев

Алексей Чуркин Азиадада ауыр атлетикадан әлем рекордын жаңартты

Алексей Чуркин