USD
USD
USD

Қарағандыда жоғары лауазымды экс-полицей өзін-өзі атып өлтірді

Қарағанды тұрғыны, зейнеттегі 48 жастағы полициейдің денесі өз үйінің ауласынан табылды. Оның өзін атып өлтіргені анықталды. 

Ішкі істер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Марқұм Самат Құсайынов ондаған жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен. Оның бес баласы бар.

Қайғылы оқиға 10 маусымда болған. Алайда бұл туралы бүгін, 12 маусымда белгілі болды.

Әлеуметтік желіде бұрынғы полиция қызметкерінің балаларды мектеп жанындағы лагерь мен балабақшаға апарып, үйіне қайтып келіп, өзін атып тастағаны туралы хабарлама пайда болды.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"10 маусымда Қарағандыда өз үйінің ауласынан 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды, ол өзінің тіркелген мылтығымен өз-өзін атып өлтірген. Бұл факт полицияда тіркелген. Тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Ақмарал Науатбек

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев