USD
USD
USD

Қарағандыда зейнеткердің шотынан танысы үнемі ақша ұрлап отырған

Қарағандыда зейнеткердің шотынан танысы үнемі ақша ұрлап отырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зейнеткер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті 67 жастағы танысының сенімді қарым-қатынасын пайдаланып, оның шотынан ақша ұрлаған. Зейнеткерге телефонда орнатылған банктік қосымша арқылы несиені өтеу қажет болған. Ол бұл процесті жақсы түсінбегендіктен, күдіктінің көмегіне жүгініп, оған барлық қажетті құпиясөздерді айтқан. Күдікті қажетті аударым жасаған соң, жәбірленушінің шотынан екі мыңнан бес мың теңгеге дейінгі шағын соманы жасырын алып, алынған ақпаратты пайдалана бастаған.

Күдікті бірден 31 мың теңгені ұрлап кеткенше зейнеткер байқамаған. Осы факті бойынша ер адам полицияға жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Маңғыстау облысы

Әбілқасымова бизнесті несиелендіруге зейнетақы қаражатын көбірек тартуды ұсынды

Мәдина Әбілқасымова

29 алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы алматылық қыз ұсталды

Кісен

Вице-министр ұшақта шетел азаматына көмек көрсетті

Медициналық көмек