USD
USD
USD

Қарағандыда үй өртеніп, екі бала көз жұмды

9 қаңтар күні Пришахтинск көшесінде тұрғын үйде өрт шықты. 

Қрт
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылдары туған екі бала өздігінен сыртқа шығып, Балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Алдын ала диагноз бойынша зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.

– Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 1964 жылы туған әйелді құтқарды, ол көміртегі тотығымен улану және күйік диагнозымен Х. Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖМ күштерімен жалпы ауданы 50 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толығымен жойылды.

Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды және сараптама тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС