USD
USD
USD

Қарағандыда тротуарда кетіп бара жатқан екі адамды көлік қағып кетті

Қарағандыда жеңіл көлік тротуарға шығып кетіп, екі адамды қақты. Бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға 31 наурыз күні шамамен сағат 23:00-де Бұқар жырау даңғылы бойында болды. Audi автокөлігінің жүргізушісі Дүйсенбеков көшесіне қарай бағыт алып келе жатып, жылдамдық режимін асырып, көлікті басқара алмай, жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен.

«Жол апаты салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды, ал екінші адам, сондай-ақ автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттарымен облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді», – деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы