USD
USD
USD

Қарағандыда телефон ұрлап, ломбардқа өткізбек болған күдікті ұсталды

Қарағандыда телефон ұрлап, ломбардқа өткізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

қылмыс
Фото: ria.ru.

Алматы, NEGE. Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарының бірінде болған телефон ұрлығы жедел түрде ашылды. Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ретінде 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ол бутиктен смартфонды жасырын түрде иемденді деген күдікке ілінді. Тергеу барысында 37 жастағы жәбірленуші ұрланған гаджеттің құнын 77 мың теңгеге бағалады. Ал күдікті оңай табыс табуды көздеп, сатушының басқа жаққа назар аударған сәтін пайдаланып, сөренің үстінде қараусыз жатқан құрылғыны қалтасына басып кеткенін мойындады. Ұрлықтан кейін ол смартфонды ломбардқа өткізбек болған. Алайда сауда орталығына орнатылған бейнебақылау камералары қылмыс сәтін толық жазып алып, тәртіп сақшыларына күдіктіні тез анықтауға мүмкіндік берді.

Сұрақ-жауап барысында күдікті тағы бір қылмысын мойындады — ол басқа сауда үйінен сағат ұрлағанын да жасырмаған.

Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов