USD
USD
USD

 Қарағандыда шахтерлер күніне арналған ауқымды концерт өтті

30 тамыз күні кешке Қарағандыдағы Тәуелсіздік алаңына мыңдаған адам жиналды. Қалада мұндай ауқымды концерт бұрын-соңды өтпеген. Шахтерлер күніне орай Qarmet компаниясы ел үшін ғана емес, бүкіл қарағандылықтар үшін ерекше кешке айналған ауқымды музыкалық шоу ұйымдастырды, деп жазды Stan.kz.

К
Фото: stan.kz

Алматы, NEGE. Сахна төріне қазіргі заманның ең сүйікті әртістерінің бірі — AYAU, SADRADDIN, Ирина Қайратовна және бұл өңірде алғаш рет өнер көрсеткен жұлдыз Zivert шықты. Олардың өнері мыңдаған дауыс пен эмоцияны, жүректерді бір арнаға тоғыстырды.

“Қарағанды, қайырлы кеш! Осынша көп адам алдында алғаш рет өнер көрсетуім. Шынымды айтсам, таңғалып тұрмын. Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Бүгін, дәл осы жерде, Қарағандыда, сіздермен бірге біз сіздерді керемет мереке — Шахтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймыз”, – деп Zivert сахна төрінде өңірдегі шахтерлерді құттықтады.

Бұл концерт қонақтар саны бойынша рекорд орнатты. Алдын ала мәліметтерге сенсек, шараға 120 000-нан астам адам жиналған. Бұл – Қарағанды тарихындағы ғана емес, жалпы ел көлеміндегі ең ауқымды бұқаралық іс-шара болды.

Сахнада өнер көрсеткен қазақстандық "Ирина Қайратовна" тобы Qarmet компаниясының жетістігі туралы айтып, 80 жылда алғаш рет өндіріс орнына газ тартылғанын ерекше атап өтті.

“Сіздер білетін шығарсыздар, біран сахна тұрып тағы да атап өткім келеді. Газ келді, жігіттер! Теміртауда 80 жыл ішінде алғаш рет металлургия комбинатына табиғи газ тартылды! Бұл оқиға аймақтың экологиясына айтарлықтай әсер етеді. Біз осы экологиялық бастама үшін өңір тұрғындарын және Qarmet компаниясын құттықтаймыз. Қазақстаннан тек жақсы жаңалықтар, газ келді, "Қайрат" Чемпиондар лигасына өтті, шахтерлер күні құтты болсын, Қарағанды” – деп құттықтады әншілер.

Кеш соңында Қарағандының түнгі аспанында отшашу атылып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші