Қарағандыда «Сәтті люкс» құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Қарағандыда үлескерлік құрылысқа байланысты даулы іске нүкте қойылды. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында құрылыс компаниясының басшысына қатысты алаяқтық ісі қаралды.
Алматы, NEGE. Сотқа дейінгі тергеу органдары «Сәтті люкс» құрылыс компаниясының басшысын ҚР ҚК-ның 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша алаяқтық жасады деп айыптады, атап айтқанда ол құрылыс компаниясының басшысы бола тұра, үлескерлердің қаражаты есебінен құрылыс жүргізуге уәкілетті органның рұқсатынсыз, құрылысқа қажетті қаржылық мүмкіндігі жоқ бола тұра, «Алтын» тұрғын үй кешенін салу үшін 51 азаматтан ақша тартып, құрылысты бастамаған және азаматтарға 800 млн теңгеден астам залал келтірген.
Сондай-ақ, салынып жатқан тұрғын үй кешенінен «пәтер сатамын» деген сылтаумен 5 азаматты алдап, олардың ақшасын алып, уәде етілген пәтерді бермеген, әрі қаражатты қайтармаған. Бұдан бөлек, жаңа тұрғын үй кешенін салу және оның жобасына инвестиция құю сылтауымен 1 миллиард теңге қаражатты иемденген.
Сот сотталушының кәмелетке толмаған баласының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 190 бабының 4- бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, айыпталушыдан келтірілген залал толық көлемде өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазір оқып жатыр
Балқаш көліне көлікпен кірген Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?
Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады
Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады