USD
USD
USD

Қарағандыда полицейлер суицид жасамақ болған қызды құтқарды

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Терезе
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға 19 сәуірге қараған түні болды. Қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына жас қыздың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін екені туралы хабар түскен. Куәгерлер оның аса қауіпті жағдайда тұрғанын жеткізген.

«Шұғыл түрде оқиға орнына екі патрульдік полиция тобы аттанды. Құрамында капитан Мақсат Тұрсынбек, аға лейтенант Наурызбай Кажкенов, капитан Алмас Оспанов, аға лейтенант Жоламан Жұмағұлов және полиция майоры Қанат Әбдіғаликов болды. Сонымен қатар, Орталық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкері Дарина Тұрарова да құтқару операциясына атсалысты», — делінген хабарламада.

Полицейлердің жедел әрекеті мен кәсіби шеберлігі трагедияның алдын алуға мүмкіндік берді. Қыз аман, қазіргі таңда оның өміріне қауіп жоқ. Қазір тәртіп сақшылары бойжеткенге психологиялық көмек көрсетіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек