USD
USD
USD

Қарағандыда мұнай өнімдерін заңсыз сақтаған кәсіпорынға 7 млн теңге айыппұл салынды

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы 8 ай бойы II санаттағы нысандар үшін экологиялық рұқсатсыз мұнай өнімдерін сақтаумен және сатумен айналысқан ірі кәсіпорындардың бірін анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

ү
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Бұл экологиялық заңнаманы бұзу болып саналады (Экологиялық кодекстің 106 және 120-баптары) және соның салдарынан атмосфераға көлемі 90 тоннадан асатын ластаушы заттардың шығарындылары түскен.

"Қадағалау органы кәсіпорынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғап, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, құқық бұзушы өз кінәсін мойындамаған. Іс барлық 3 сатыдан өтіп, тек Жоғарғы Сот қана түпкілікті нүкте қойды - кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат