USD
USD
USD

Қарағандыда көпқабатты үйдің шатырына кірпіш қойған жасөспірім ұсталды

Қарағанды облысында полицейлер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жасөспірімнің көпқабатты үйдің төбесіне кірпіштерді қасақана қойғаны көрсетілген. Полиция жедел түрде оның жеке басын анықтады.

Бұзақылық әрекетке барған 15 жастағы қала тұрғыны ата-анасының бірімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

«Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол ішкі мектеп есебіне қойылды. Ал оның заңды өкіліне қатысты «Кәмелетке толмағанның ұсақ бұзақылық жасауы» бабымен әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды», – делінген ақпаратта.

Полиция мұндай әрекеттердің жолы қатаң кесілетінін ескертеді. Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген іс-әрекет үшін құқық бұзушылар дереу анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов