USD
USD
USD

Қарағандыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Қарағандыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалта ұрлығын жасады деген күдікпен 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдікті қоғамдық көліктердің бірінде – маршруттық автобус ішінде, жолаушының әмиянын жасырын түрде ұрлап кеткен. Әмиян ішінде 30 мың теңге көлеміндегі ақша болған. 21 жастағы жәбірленуші үйіне келген соң ғана мүлкінің жоғалғанын байқап, дереу полицияға жүгінген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда, әсіресе көлікпен қатынау кезінде қырағылық танытуға шақырады. 

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары