USD
USD
USD

Қарағандыда қызуы көтерілген 13 жастағы оқушы дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды

Қарағандыда 13 жастағы оқушы көз жұмды. Оның жақындары бала өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Баланың туыстары қызуы көтерілген балаға бір емес, екі рет келген жедел жәрдем қызметі дұрыс ем-дом жасамаған дегенді алға тартады, деп хабарлайды КТК.

Дамир Болымбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 13 жастағы Дамир Болымбаев бала кезінен спортқа жақын болып өскен. Дзю-до, джиу-джитсуға қатысқан. Оқу озаты. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған. Өткен аптаның сейсенбісінде қызуы көтеріліп сабақтан қалыпты. Үйге шақырылған дәрігер тұмаудың дәрілерін жазып берген. Бірақ баланың беті бері қарамапты. Ақыры жедел жәрдем көмегіне жүгініпті.

«Тек қызуы көтеріліп тұрған, кейін аяқ-қолы тартыла бастады. Фельдшерге өзін өте жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Ал дәрігер ол сабаққа бармау үшін әдейі істеп жатқанын, мұны әшейін психосоматика деп, оған сенбеген. Дәрілерді жазып берді де, кетіп қалады», – деді Дамирдің әпкесі Әлия Болымбаева.

Баланың жақындары жағдай өзгермеген соң, көмекті екінші рет шақырғанда да тағы сол бригада келген.

«Анасы баланың суып кеткен қол-аяғын көрсетіп, қанша шырылдаса да, дәрігер мән бермеді. Қолының ісіп кеткенін көрсеткен. Дәрігер «қоймадыңдар ғой» деген кейіпте, спазмолитик егіпті. Содан кейін күтіп, баланың жағдайын сәл бақылаудың орнына, өздеріне сөйлеп, жиналып, кетіп қалады. Сол екпеден кейін баланың жағдай күрт нашарлаған. Көзі аларып, тынысы тарылған», - дейді Дамирдің нағашы апасы Анна Пфайфер. 

Үшінші рет келген жедел жәрдем Дамирді шалажансар күйде жансақтау бөліміне бірден әкетіпті. Бірақ әлсіреген бала демі сол жерде үзілген. Денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер тарапынан кемшіліктер болағанын жасырмайды. Медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті тексеріс бастады.

Қаралы отбасы бүгін қыршын кеткен баласын ақтық сапарға аттандырып, полицияға арыз түсірді.

Қазір оқып жатыр

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Көлік өртенді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха