USD
USD
USD

Қарағандыда қамқорлыққа алған алты баланы ұрып-соққан ерлі-зайыпты сотталды

Қарағандыда асырап алған кәмелетке толмаған алты балаға ауыр дене жарақатын келтірген ерлі-зайыпты мен олардың қызына үкім шықты.

сот үкімі
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Алты баланы азаптау, оларға ауыр дене жарақатын келтіру, сондай-ақ ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптыға 2018 жылы ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты кәмелетке толмаған баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасалған.

«Сотталушылар 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі ұзақ уақыт аралығында кәмелетке толмағандарға жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетіп отырған.

Сонымен қатар сотталушылар Г. және Д. кәмелетке толмаған жәбірленуші Т.-ға ауыр дене жарақатын келтірген, соның салдарынан ол ауруханаға жатқызылған», – делінген сот хабарламасында.

Бұдан бөлек, сотталушы Г. мемлекеттен балаларды асырауға бөлінген қаражатты құмар ойын сайттарында бәс тігуге жұмсаған. Салдарынан мемлекетке 6 264 256 теңге көлемінде залал келген.

Сондай-ақ айыпталушылардың кәмелетке толмаған туған қызы бес баланы күрек сабымен, қамшымен және басқа заттармен ұрып-соғып, оларға дене жарақаттарын келтіргені, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені анықталған.

«Сотталушылардың кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденеді», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен Г. 12 жылға, Д. 10 жылға, Б. 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. 

Бұған қоса сотталғандардан әрбір жәбірленуші баланың пайдасына келтірілген моральдық зиян үшін 10 млн теңге өтемақы сомасы өндірілді, сондай-ақ Г.-дан мемлекет пайдасына келтірілген залал ретінде 6 264 256 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қарқаралы ауданының білім бөлімінің атына жеке қаулы шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ