USD
USD
USD

Жаңа жылға дайындық: Қарағандыда хайуанаттар бағын безендіруге 18,6 миллион теңге жұмсалады

Жақында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Жаңа жылды тойлауға 28 миллион теңге бөлінгенін хабарлаған болатын. 

Жаңа жыл
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Айтуынша, қаражат облыс орталығы мен барлық 12 ауданды қоса алғанда, бүкіл облысқа бөлінген.

Құжат
Фото: t.me/negeaqsha

Осы ретте таң қаларлық жағдайдың шеті шықты. Nege Aqsha телеграм каналының хабарлауынша, Қарағандыда тек хайуанаттар бағын безендіруге 18,6 миллион теңге жұмсалмақ. Басында біз бұл соманы жыл бойы өтетін барлық мерекеге бөлінген қаражат шығар деп ойладық. Кейіннен олай емес екеніне көзіміз жетті.

Құжат
Фото: t.me/negeaqsha

Техникалық тапсырысқа сәйкес, аталмыш қаражат тек жаңа жылдық әшекейлерге жұмсалады. Олар: шыршалар, гирляндтар, безендірілген әшекейлер, сондай-ақ ойыншықтар.

Жеткізуші шартқа қол қойғаннан кейін 15 жұмыс күнінде тапсырысты аяқтауы керек. Ол Жаңа жыл қарсаңына тура келіп тұр. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар