USD
USD
USD

Қарағандыда есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіленді

Қарағандылық полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі тасымалдаушылар
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тас жолында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Түнгі сағат 03.30 шамасында полиция қызметкерлері қалаға жақын маңдағы ауылдардың бірінің маңынан 38 жастағы азаматтың басқаруындағы жеңіл автокөлікті ұстады. Көлікте 41 жастағы жолаушы болған. Автокөліктің Жамбыл облысы Шу қаласынан келе жатқаны анықталды.

Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктен ірі көлемдегі есірткі заттары анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктілердің әкеле жатқан заты 146 келі марихуана және 94 келі гашиш екені белгілі болды.

Оларға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова