Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

Қарағандыда "Қарасора – 2025" жедел іс-шарасы барысында есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қарағанды қаласында "Қарасора – 2025" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері ірі операция өткізді. Нәтижесінде есірткі таратқан екі шетел азаматы ұсталды.

Операция кезінде 29 және 39 жастағы ер адамдар қала көшелерінің бірінде қолға түсті. Тінту барысында үлкенінен әрқайсысы шамамен 0,5 грамм болатын құрамында A-PVP болуы мүмкін 11 түйіншек, сондай-ақ қосымша 0,5 және 1 грамдық 11 түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші күдіктіден телефон тексеру кезінде куратормен жазысқан хаттар мен есірткі жасырылған орындардың фотосуреттері анықталды.

Көрсетілген мекенжайларға тексеру жүргізу нәтижесінде құрамында ұқсас зат бар 16 түйіншек табылды. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен жүргізілген тінту барысында алдын ала мефедрон деп анықталған, салмағы 0,5 грамм бір түйіншек тәркіленді. Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында олар жасаған іс-әрекеттерін мойындады. Барлық тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, олардың нақты құрамы мен салмағы анықталатын болады. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат