Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қарағандыда 40 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып бергендер анықталды

Қарағанды облысының тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекетке барған.Аталған факті бойынша ҚМА аумақтық Департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ҚМА
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Қылмыстық схема үшжақты шарт жасасу арқылы микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды пайдалану арқылы жүзеге асқан.

Контрагент бақылауындағы серіктестікке емес, микроқаржы ұйымдарға қарызды өтеу түрінде төлем жүргізген.

Бұл қылмыс жасаған азаматтарға қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алуға және оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6%-ға дейін материалдық пайда алуға мүмкіндік берді.

Мәселен, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 млрд теңгеден асты.

Тергеу барысында жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Қарағанды облысының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

баспана

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Аурухана

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова