USD
USD
USD

Қарағандыда 9-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

Қарағандыда полицейлер ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қарағандыда полицейлер 9-қабаттағы балконнан секірмек болған ер адамды аман алып қалды. Оқиға 5 маусым күні Тәттімбет көшесінде болған.

Полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында 39 жастағы азамат құтқарылды. Көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы балконның сыртында арқанға ілініп тұрған ер адамды көрген куәгерлер бірден құтқару қызметтеріне хабар берген.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына жылдам жетіп, шұғыл әрекетке көшкен. Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Адлет Амирбеков ер адамды әңгімеге тартып, оны райынан қайтаруға тырысқан.

— Құтқарушылар есікті ашуға әрекеттеніп жатқанда, мен балкон сыртында тұрған ер адаммен сөйлесуге тырыстым. Уақыт санаулы еді. Әріптестерім төменгі қабатта сақтық шараларын бақылап тұрды. Ақыры бір сәтте оны ішке қарай тартып үлгердік, — дейді ол.

Құтқару операциясы бірнеше минутқа ғана созылғанымен, әр секунд қымбат еді. Полицейлердің кәсіби шеберлігі мен батылдығы үлкен қайғылы жағдайдың алдын алды. Қазіргі таңда құтқарылған азамат медициналық бақылауда.

Дәрігерлер мен психологтар оның мұндай әрекетке не үшін барғанын анықтап, тиісті көмек көрсетуде.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат