USD
USD
USD

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

Қарағандының 56 жастағы тұрғыны әйел болып киініп, әлеуметтік желіде құқыққа қайшы мазмұндағы бейнематериалдар жариялағаны үшін қамауға алынды.

стример
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Полиция қызметінің хабарлауынша, Еркен Жантықпаев TikTok әлеуметтік желісіндегі белсенділігімен танымал болған.

Полиция қызметкерлері азаматтың әрекеті заң талаптары мен қоғамдық тәртіпке қайшы келетінін атап өтті. Мұндай әрекеттерге құқықтық баға беріліп, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады.

«Бұл дерек бойынша полиция тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Сот қаулысымен азаматқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта Еркен Жантықпаев әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Ол полиция бақылауында болады.  Ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда, стример қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жазаға тартылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға