USD
USD
USD

Қарағандыда 30 адамды алдап кеткен зергер ұсталды

Қарағандыда полиция 30-ға жуық тұрғынды алдаған зергерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зергер
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен шағымданды. Әйел арызында алтын бұйымдарын тазалауға және үзілген жерін жалғап беруге зергерге тапсырғанын жазды.

Бұл жұмыстар үшін зергер жәбірленушіге қосымша уақыт қажеттігін айтқан. Сөйтіп, азаматша алтындарын сол жерге қалдырып кеткен. Алайда келісілген уақытта алтын бұйымдардың иесі әшекейлерін алып кетуге барғанда, зергер үлгермегенін айтып, тағы да қосымша уақыт сұраған. Арада үш ай өткен соң зергердің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығын көлемі 854 мың теңге.

Полиция қызметкерлері 45 жастағы зергерді анықтады. Күдікті азамат ақшадан қысылғанын айтып, жәбірленушінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп жібергенін түсіндіріп, кепілдік билетін көрсетті. Тәртіп сақшылары кепілдік билетімен ломбардқа алтын бұйымдарды өткізуге келгенде күтпеген жағдайға тап болды. Белгілі болғандай, зергер бұл ломбардқа жалпы құны 10 млн теңгеден астам ақшаға 64 алтын бұйым өткізгенін анықтады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс