USD
USD
USD

Қарағанды: Жыл басынан бері 22 бала терезеден құлаған

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезелер мен балконнан құлап кетуінің 22 жағдайы тіркелгенін мәлім етті. 

Қарағанды: Жыл басынан бері 22 бала терезеден құлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі ересектердің қадағаламауының салдарынан болған.

16 тамызда сағат 18:00-де Жезқазған қаласындағы Гагарин көшесінде үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылғы бала абайсызда 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Бұл жыл басынан бері Қарағанды облысында тіркелген 22-ші оқиға.

Құтқарушылар балалардың жүріс-тұрысын қатаң қадағалау қажеттігін ескертті.

«- Сәбилерді қараусыз қалдырмаңыздар!

- Бала терезенің алдына шықпауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынан алып тастаңыздар!

- Москит торына сенбеңіздер! Олар балаға қорғаныс бола алмайды!

- Терезеге бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштер қойыңыздар!

- Егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз!

- Ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға үнемі түсіндіріңіздер!»-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев