USD
USD
USD

Қарағанды ​​тұрғыны ойын клубына ойыншық мылтықпен шабуыл жасағаны үшін бес жылға сотталды

Қарағандыда ойын клубына ойыншық тапаншамен шабуыл жасап, төрт миллион теңгеге жуық ақшаны тонап кеткен жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​тұрғыны ойын клубына ойыншық мылтықпен шабуыл жасағаны үшін бес жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сотталған азамат бұл мекеменің тұрақты клиенті болған. Оқиға болған күні ол туысының көлігін сатып, түскен ақшаны бермей, ойын клубына барған. Ол ойынқұмар болған. Сол күні ол көліктен түскен үш миллионды түгел ұтқызып жіберген.

Ұтылғаннан кейін көп ұзамай ол мекемеге қайта келіп, қызметкерлерді қарумен қорқытып, шабуыл жасаған. Кейін қаруы ойыншық екені белгілі болды. Алайда қылмыскер муляждың көмегімен кассадағы 3,9 миллион теңгені алып, қашып кеткен.

Полицейлер қылмыскерді тез арада қолға түсірді. Қазыбекби аудандық сотының үкімімен сотталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса ол ойын клубына 3 миллион 900 мың теңгені қайтарып берді.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны