USD
USD
USD

Қарағанды тұрғыны алтыншы қабаттан секірмек болды

Оқыс оқиға Карбышев көшесінде орын алды. Отбасындағы айғай-шудан кейін 37 жастағы ер адам өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды тұрғыны алтыншы қабаттан секірмек болды
Фото: NEGE.kz

Қарағанды, NEGE. Оқиға орнына патрульдік қызмет инспекторлары Болат Мұхажанов пен Нұркелді Әшірбек бірінші болып келіп жетті.

«Подъезд алдынан бізді бір ер адам қарсы алды. Полицияға қоңырау шалған сол кісі екені белгілі болды. Оған себеп - 37 жастағы ұлы. Ер адам ұлына қатысты арызданғысы келетінін айтты. Әңгіме барысында алтыншы қабаттағы подъезд терезесінен секірмек болған адамды байқадық. Мен подъезге жүгіріп кіріп, алтыншы қабатқа көтерілдім, секірмек болып тұрған ер адамды сөзге тартып, оны райынан қайтаруға тырыстым. Ол ашық терезе алдына шығып алып, секіретінін айтып айқай берді. Бұл кезде менің жанымдағы серігім көшеде қалды. Ол жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілерге қоңырау шалды», - деді Мұхажанов.

Ер адаммен болған келіссөз оң нәтижесін беріп, полицей оны терезеден түсуге көндірген.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен