USD
USD
USD

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқан 6 кеншінің жеке басы анықталған жоқ

Қарағандыдағы Кастенко шахтасында опат болған 6 кеншінің жеке басы әлі анықталмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқан 6 кеншінің жеке басы анықталған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іздестіру  жұмыстары кезінде жалпы 45 кеншінің денесі табылған болатын. Сондай-ақ құтқарушылармен тағы бір адамның дене бөлшектері анықталған. Оның да кім екені белгісіз. Сәйкестендіру жұмыстары үшін қажетті тиісті сараптамалар мен ДНК талдауы жүргізілуі мүмкін.

Қазір тергеу жұмыстарына Қазақстаннан бөлек, шетелдік сараптамалық ұйымдар да жұмылдырылған. Апат себептерін тексеру аясында Үкіметтік комиссия мүшелері де шахтаға түскен.

Ал өндірісті қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар