Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында көлігінде 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қаруы бар үш ер адам құрықталды. Ұсталғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды полицейлері Қызыл кітапқа енген жануарлардың 274 мүйізін тәркіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың мүйіздерін сату саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды өткізу барысында 15 сәуір күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы кенттерінің бірінде 34 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлікті ұстады. «Аталған көлік құралының салонында Жаңаарқа ауданының 34 жастағы тұрғыны және Қарағанды қаласының 28 жастағы екі тұрғыны болған. Тексеру және тергеу амалдары кезінде полицейлер ұсталғандардан 274 киік мүйізі мен түрлі маркалы қару тәркіледі», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сондай-ақ, ҚР ҚК 287-бабы «оқ қаруын заңсыз сақтау» бойынша тергеуден өтеді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандар қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық