USD
USD
USD

Қарағанды облысының Шет ауданында жаңа мектеп ашылды

  Қарағанды облысы Шет ауданы Киікті ауылында жаңа мектеп ашылды.

Қарағанды облысының Шет ауданында жаңа мектеп ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 150 оқушыға арналған мектеп апаттық жағдайда болған ғимараттың орнына салынды. Мектеп екі блоктан тұрады және де заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Онда 17 оқу кабинеті, лингафонды-мультимедиялық сынып, шеберханалар, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет бар. «Ескі мектеп апатты жағдайда болды. Сонымен қатар, ол өте шағын, біздің балалар үш ауысымда оқыды. Бізде асхана болмады, дәретханалар көшеде болды. Жаңа ғимаратта барлығы бар: сыныптардан басқа, асхана, үш шеберхана, дәретхана, көшеде үш корт бар.

Сондай-ақ, мектепалды даярлық сыныбы үшін 15 балаға арналған жеке кіреберіс жабдықталған. Қазір олардың жеке ойын және оқу кабинеті бар. Біздің педагогтар мен ата-аналар өте қуанышты», – деді мектеп директоры Жанар Смағұлова. «Үшінші тоқсанда Киікті ауылының оқушыларын барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқыту жоспарлануда», – деп хабарлады Білім басқармасынан. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов киіктіліктерді заманауи мектептің ашылуымен құттықтап, оқу орнына 10 миллион теңгеге сертификат табыс етті.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana