USD
USD
USD

Қарағанды облысының өндіріс ошақтарында 50 адам көз жұмған

Қарағанды облысының прокуратурасында 2020 жыл және 2021 жылдың 6 айы бойынша жарақаттану туралы қылмыстық істерді тергеудегі заңдылықтың жай-күйі, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігі алқалы жиналыста қаралды.

Қарағанды облысының өндіріс ошақтарында 50 адам көз жұмған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылығы, сонымен бірге облыстың басқа да мемлекеттік органдары қатысты.

Аймақтың өнеркәсіптік екені атап өтілді. Мұнда халықтың көп бөлігі еңбек ететін әртүрлі бағыттағы көптеген кәсіпорындар шоғырланған. Сондықтан олардың қауіпсіздігі жұмыс берушілер және бақылау органдарының бірінші кезектегі басты міндеті болып табылады.

Статистикаға сәйкес, өндірісте жарақат алудың 230-ға жуық фактісі, оның 22% немесе 50-і өлімге әкелді. Осыған орай қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелері, уәкілетті органдардың жұмысы талқыланды.

«Қауіпсіз еңбек» жобасы әзірленді, ол жосықсыз жұмыс берушілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тартудың бірыңғай практикасын қалыптастыруға және еңбек жағдайларының лайықсыз болуына төзімсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», - деп мәлімделді облыстық прокуратурада.

Сонымен қатар, полиция органдарында қолданылып жатқан істерді тергеу бойынша әдістемелік ұсыныстар таныстырылды. Сонымен бірге, жарақаттану деңгейі жоғары аймақтарда арнайы жедел-тергеу топтарын құру жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев