USD
USD
USD

Қарағанды облысының әкімдігі үндеу жасады

Қарағанды облысының әкімдігі өңір тұрғындарын азық-түлік тапшылығы болады деп дүрбелеңге түспеуге шақырды.

Қарағанды облысының әкімдігі үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әкімдіктің хабарлауынша, осы айдың басында облыстың коммерциялық қоймаларына 2 240 тонна азық-түлік тауарлары келіп түсті. 18 наурызға дейін тағы 1 500 тонна келеді.

Сонымен қатар «Сарыарқа» ӘКК тұрақтандыру қорында 723 тонна бакалея өнімдері сақталуда. Қоймалар үнемі толықтырылып отырады. Ол үшін қаржылық ресурстар мен коммерциялық келісімшарттар бар. Апта сайын тұрақтандыру қорының резервтерінен супермаркеттер желісі және әлеуметтік павильондар арқылы тауар интервенциясы өткізіледі. Қолда бар қорлар облыстың қант, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, күріш және тағы да басқа қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қалалар мен аудандардың кәсіпкерлік бөлімдері сауда объектілеріне тиісті шаралар қабылдануда», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасынан.

Қазір оқып жатыр

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс