USD
USD
USD

Қарағанды облысындағы Төрткөл көлінен жоғалған балықшының денесі табылды

Қарағанды облысының құтқарушылары Төрткөл су қоймасына батып кеткен балықшының мәйітін тапты. Ер адамның денесі жағадан 500 метр жерден табылды.

Қарағанды облысындағы Төрткөл көлінен жоғалған балықшының денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. 10 қазанда бірнеше адам Бұқар жырау ауданындағы Төрткөл көліне балық аулауға шыққан. Ер адамдардың бірі қайыққа мініп, ал қалған достары жағалауда балық аулаған. Өзі жалғыз қайықпен кеткен балықшыны жолдастары соңғы рет кешке көргенін айтады. Біраз уақыттан соң оны іздеуге шыққан. Алайда таба алмаған. Келесі күні таңертең 11 қазанда балықшылар досын таба алмай, құтқарушыларға хабарласқан.

«Іздеу жұмыстарының бірінші күні арнайы топ балықшының аударылған рәзіңке қайығын тапты. Бүгін құтқарушылар суға батып кеткен адамның денесін жағадан 500-600 метр қашықтықтан тапты», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар азаматтарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады.

- Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін балық аулағанда жағалаудан алыс кетпеген жөн;

- Су айдынына шығар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеру қажет, оның зақымданбағанына, ескектерінің ақаусыз екеніне көз жеткізіңіз;

- Қайықта әр адамға арналған құтқару шеңбері, белбеуі немесе кеудешесі болуы міндетті;

- Дауылды ауа райы кезінде суға шығуға тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы