USD
USD
USD

Қарағанды ​​облысындағы шахтада газ жарылып, төрт адам қайтыс болды

Тағы бір жұмысшы іздестіріліп жатыр, 106 жұмысшы эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысындағы шахтада газ жарылып, төрт адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды ​​облысындағы Ленин атындағы шахтада кеше түнде газ шықты.

Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

- Иә, алдын ала берілген ақпарат бойынша 3 қарашада шамамен таңғы сағат 3-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ға қарасты Ленин атындағы шахтада газ бұрғылау ұңғымаларын бұрғылау кезінде кенеттен газ жарылып кеткенін растаймыз. Салдарынан 4жұмысшы қайтыс болды, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасуда, төртеуі ауруханада жатыр, - деді Руслан Иманқұлов.

Алдын ала мәлімет бойынша, 106 жұмысшы эвакуацияланған. 

Иманқұлов апатты арнайы комиссия тексеретінін айтты. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері