USD
USD
USD

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Қарағанды облысында «Қарағанды-Егіндібұлақ» тас жолында вахталық автобус өртенді.

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жолаушылар мен жүргізуші автобустан шығып аман қалды. Оқиға кезінде қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қарқаралы ауданында жұмысшыларды тасымалдайтын автобус өртенді.

«31 қазан күні сағат 15:46-да Қарағанды-Егіндібұлақ тас жолының 30-шақырымында Қарқаралы ауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Вахталық автобус өртенді, өрттің жалпы ауданы 24 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының тұйықталуынан.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық