Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қарағанды облысында үш бірдей емхана ашылды  

Елорда күні қарсаңында Қарағанды облысында үш бірдей емхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған бұл емдеу мекемелері бір мезгілде 250 науқасты қабылдай алады.

Қарағанды облысында үш бірдей емхана ашылды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ бұл күні кеншілер шаһарында еліміздегі ең ірі логистикалық орталық қолданысқа берілді. Енді тұрғындар сауда алаңынан еш делдалсыз, арзан бағаға ауылшаруашылық өнімдерін ала алады. Ел игілігіне берілген үш емхананың біреуі Теміртауда, қалғаны кеншілер шаһарында орналасқан. Мұнда тұрғындарға сапалы медициналық қызмет алу үшін барлық жағдай жасалған. Емдеу мекемесі заманауи құрылғылармен толық жабдықталды. Қазіргі пандемия жағдайында әлеуметтік нысандардың іске қосылуы өңір үшін аса маңызды деді аймақ басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев: "Ағымдағы жылы Балқаш қаласында тағы бір емхананың құрылысы басталады. Сондай-ақ Осакаров, Абай, Қарқаралы аудандарында гемодиализ орталығы ашылмақ. Ал Қарағандыда жыл соңына дейін радиология орталығы пайдалануға беріледі. Бұған қоса балаларды және ересектерді оңалту орталығы салынады", - деді.

Бұл күні сондай-ақ Қарағандыда еліміздегі ең ірі логистикалық орталық пайдалануға берілді. Сауда алаңының аумағы 60 гектарды алып жатыр. Енді Қарағанды облысының фермерлері мен диқандары, бағбандары өз өнімдерін еш делдалсыз осы жерде саудалай алады. Бұрын алыпсатарларға арзан бағаға беруге мәжбүр еді. Қазір оған жол берілмейді. Осылайша халық тұтынатын тауардың бағасы шамамен 30 процентке арзандайды дейді мамандар.

Айта кету керек, өңірдегі ірі жобаның құны 24 миллиард теңге. Шамамен 5 мың адамға жұмыс көзі ашылады

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш