USD
USD
USD

Қарағанды облысында имам оқушымен жыныстық қатынасқа түскен

Қарағанды облысында «кәмелетке толмаған қызды зорлады» деген күдікпен ауыл имамы қамауға алынды.

Қарағанды облысында имам оқушымен жыныстық қатынасқа түскен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметінше, ол мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен. Алайда мешіттегілер 40 жастағы күдіктінің мүфтиятқа қатысы жоғын айтады.

Айтуға ауыз бармайтын жағдай облыс орталығынан шалғайдағы ауылда болыпты. Алғашқы қауесет ауыл тұрғындарының әңімесінен тараған. Тіпті мектеп оқушысы имамнан жүкті болып, жасанды түсік те жасағаны туралы сөз желдей ескен.

Осыдан кейін ақпаратты тексеруге ауылға барған полицейлер оқиғаны растап, қыз зорлау фактісімен іс қозғады. Қаршадай қызға зорлық жасалғаны туралы ата-анасы да жақ ашпаған. Ал мүфтияттың айтуынша, күдіктінің діни білімі болғанымен, имамдық сертификат алмапты.

Дегенмен ауылдағылар оны діни жоралғыларды өткізуге шақырып, ауыл молдасына айналдырып алған көрінеді.

«Аталған хабарламаға сәйкес, ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен аталмыш іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Оған қатысты сотпен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды», – деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.