USD
USD
USD

Қарағанды облысында ер адам 5 жасар баланы тонап кеткен

Қарағанды облысының тұрғыны бес жасар баланы тонап кеткен.

Қарағанды облысында ер адам 5 жасар баланы тонап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Қарқаралы ауданындағы ауылдардың бірінде болған.
9 қараша күні Қарқаралы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

"Әйел өзі дүкенге кіріп кетіп, 5 жасар баласын сөмкесімен сыртта қалдырып кеткенін айтты. Анасы азық-түлік алып жүрген уақытта белгісіз ер адам бүлдіршінге жақындап сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын алып кеткен", - делінген полиция ақпаратында.

Көп ұзамай полицейлер күдікті азаматты қолға түсірген. Баланы тонаған 36 жастағы ер адам болып шықты.

Ұялы телефон айғақ  зат ретінде тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат қылмысы дәлелденсе, төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе